Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілі Қ. Әбдірахманов Венадағы Ұйымның Тұрақты кеңесінің отырысына қатысты

ВЕНА. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат – Венада Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы Тұрақты кеңесінің апта сайынғы кезекті отырысы болып өтті.
None
None
Сессияның аясында Чех Республикасының сыртқы істер министрі Карел Шварценберг сөз сөйлеп, Еуроодақта өз елінің төрағалық етуіндегі сыртқы саясаттың басымдығын, сондай-ақ ЕҚЫҰ-мен өзара іс-қимыл перспективаларының жай-күйін ұсынды. Бұл жөнінде ҚазАқпарат ЕҚЫҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.Энергетикалық қауіпсіздікті нығайту аясында К.Шварценберг Еуроодақтың Орталық Азия елдерімен барынша тығыз қарым-қатынас жасау маңыздылығын атады.Отырыста сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахманов Чехияның басшылығы жылжытып отырған Еуроодақтың, әсіресе орталықазиялық бағыттағы басымдықтарын қуаттайтынын білдірді. Қазақстандық тарап өзара мүдделілікпен кең көлемде жемісті ынтымақтастық үшін әрекет етеді. Қазақстанның Еуроодаққа қатысты негіз қалаушы құжаттарының бірі «Еуропаға жол» бағдарламасы болып табылады. Министр К.Шварценберг өзінің қорытынды сөзінде Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің және кеңейтудің маңызы туралы тезисті қолдады.
Соңғы жаңалықтар