Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа Еңбек кодексінің тұжырымдамасы еңбек туралы заңды либерилазациялауға негізделді. Бұл жерде бірінші кезекте, Қазақстан алдағы жылдары мүшелікке қосылғалы отырған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің халықаралық тәжірибелері ескерілді.
Жаңа Еңбек кодексі 8,5 млн адамның құқығына қатысты. Сондықтан, мемлекет минималды еңбек стандарттарын орнатып, жұмыс беруші және жұмыскер тарапынан да оның орындалуын қатаң бақылайтын болады. Сол себепті Әкімшілік кодексінде жеке және заңды тұлғаға қатысты айыппұл санкцияларының мөлшері бір жарым есе көбейтілді.
2016 жылдың басынан бастап, Еңбекті қорғау және оның қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу иниститутымен және оның ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанындағы филиалдарымен бірлесіп, орындарда еңбекке жалпы оқыту басталады. Сондай-ақ, еңбек ұжымдарымен кездесу өтеді.