Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізіледі

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісіне Үкіметтен «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы» жаңа конституциялық заң жобасы келіп түсті.
None
None
Бұл заң жобасымен еліміздің бірқатар конституциялық заңдарына өзгерістер енгізілгелі тұр. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізіледі. Үкіметтің берген түсіндірмесінде заң жобасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы, ғылыми, экономикалық және лингвистикалық сараптамалар жүргізілгені атап көрсетілген. Заң жобасын әзірлеушілер жаңа редакция Қылмыстық іс жүргізу кодексі жобасының новеллаларымен келісілгенін жазады. Сотқа дейінгі іс жүргізу түбегейлі оңайлатылғаны атап өтілген. Сондай-ақ жаңа жобамен «сотқа дейінгі тергеу» ұғымы енгізіледі, куәгерлер тарту және техникалық құралдарды қолдану мәселелері регламенттеледі. Осы заң жобасын қабылдау азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан тиімді қорғауды қамтамасыз етеді, құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігін арттырады.
Соңғы жаңалықтар