Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаттары анықталды

АСТАНА. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры ғылым мен техника, мәдениет пен өнер саласындағы ғылыми зерттеулер үшін жас ғалымдарға арналған сыйлықтардың лауреаттарының есімдерін ресми жария етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың ақпаратына сілтеме жасап. Ғылым мен техника саласында «физика, математика, инженерлік ғылымдар» аталымы бойынша: Ядролық физика институтының аға ғылыми қызметкері Максим Гусев, Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің аға оқытушысы Нұрбек Оршыбеков лауреат атанса, «химия, технология, техникалық ғылымдар» аталымында: Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің профессоры Дмитрий Корулькин, «медицина және биология» аталымында - Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының докторанты Меруерт Ғазалиева, «қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар» аталымында - А.Байтұрсынов атындағы Тілтану институтының аға қызметкері Анар Фазылжанова лауреат атанды. Мәдениет және өнер саласында «музыкалық өнер» аталымында: Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының орындаушылары Аида Аюпова (скрипка) мен Ермек Кұрманаев (виолончель) лауреат атанса, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық музыкалық драма театрының жастар ұжымы «театр өнері» аталымында лауреат атанды. «Журналистика, радио және телеарна» аталымы бойынша сыйлық «Алға Қазақстан» деректі фильмі үшін тележүргізуші Айгүл Мүкейге табыс етілді. Ал «эстрада және цирк өнері» аталымындағы сыйлық Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының орындаушысы Анастасия Пикулеваға қазіргі заманғы композиторлардың шығармаларын өзіндік нақышпен орындағаны, жоғары орындаушылық шеберлігі және дауыс ерекшелігі үшін берілді. Ал «кинематография» аталымы бойынша сыйлық - Қазақтың Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының түлегі Ақтолғай Төлеуоваға - «Шоқ» көркем фильміндегі авторлық және режиссерлік жұмысы үшін, «Кітапхана ісі» аталымы бойынша сыйлық - Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі Инна Грицининаға жоғары кәсіби біліктілігі, кітапханашылардың біліктілігін көтеру жөніндегі тәжірибелік және ғылыми-әдістемелік шаралар кешенін ұйымдастырғаны үшін берілді.
Соңғы жаңалықтар