Қазақстан Рио Олимпиадасына 100 жолдама жеңіп алуды көздейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Рио Олимпиадасына 100 жолдама жеңіп алуды көздейді, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстан Рио Олимпиадасына 100 жолдама жеңіп алуды көздейді

«Біз Рио Олимпиадасына 100 жолдама жеңіп алуды көздеп отырмыз. Төрт жылдықтың басты додасында біздің спортшыларымыз қаншалықты көп болса, соншалықты жақсы. Өйткені, әр спортшыға мүмкіндік беріледі. Олимпиадаға 206 елден қатысады. Әр атлет онда жеңіс үшін барады. Қазақстанда мұндай мүмкіндік 3 есе. Риодағы жазғы Олимпиада ойындарында біздің қуанышты сәттеріміз аз болмайды, деп үміттенеміз», -деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков.