«Қазақстан» РТРК Баспасөз хатшыларының халықаралық VII конкурсының дипломанты атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей астанасы Мәскеу қаласында «Баспасөз - 2014» Халықаралық VII конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.
Осыған байланысты, «Қазақстан» РТРК баспасөз хатшысы Рауан Есқали конкурстың жеңімпаздарын марапаттау салтанатына қатысып, «Баспасөз» журналының таңдауы номинациясы бойынша арнайы Дипломмен марапатталды. Бұл номинация конкурс ұйымдастырушысы - «Баспасөз» жалпы ресейлік журналы редакциясының ұйғарымы бойынша, ең қызықты деп танылған жұмыстар арнайы дипломмен марапатталады.
«Баспасөз» журналының бас редакторы, «Жылдың баспасөзі» халықаралық PR-конкурсының әділ-қазылар төрағасы Тимур Асланов ресми шақыру-хатында көрсетілгендей: «Жылдың баспасөзі» халықаралық конкурсына келіп түскен «Қазақстан» РТРК» АҚ өтінімін қарастыру қорытындысы бойынша, әділқазылар «Қазақстан» РТРК» АҚ-қа беру туралы шешім қабылдаған».
«Баспасөз қызметі» конкурсына «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы биыл алғаш рет қатысып отыр.
Қазылар алқасы конкурсқа келіп түскен жұмыстарды 11 номинация бойынша бағалады. Жыл сайын өтетін конкурс өткен жылғы берілген тапсырыстар бойынша көрсеткіштерді жаңартты. Биыл Ресей мен жақын шет елдердің компаниялары мен ұйымдардан 412 тапсырыс келіп түсті. Қорытынды тізімге 33-і ғана ілікті.
Тәуелсіз сарапшылар мен тәжірибелі пиаршылар жұмыстарды келесі номинациялар бойынша бағалады: Бизнестегі үздік әлеуметтік жоба, әлеуметтік медиадағы PR, корпоратив ішіндегі PR бойынша үздік жоба, үздік баспасөз хабарламасы, бизнестегі үздік PR-жоба, мемлекеттік саладағы үздік PR-жоба, аймақтарды ілгері жылжыту, жаңадан басталған PR, үздік корпоративтік БАҚ, Жылдың баспасөз хатшысы, Жылдың баспасөз қызметі.
Ресейдің PR-саласындағы ірі жаңалықтарының бірі - жыл сайынғы «Жылдың баспасөзі» конкурсын «Баспасөз» журналы осымен жетінші рет өткізуде. Конкурсқа компаниялардың, ұйымдардың, мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың баспасөз қызметтері мен PR-бөлімдері, сондай-ақ PR-агенттіктер мен PR-мамандар қатысады.
Сонымен қатар, «Қазақстан» РТРК өкілі 16-17 сәуір күні «Тиімді баспасөз-2015» практикалық конференциясының жұмысына да қатысуда. Мұнда қоғаммен байланыс саласында заманауи тәсілдер мен техникаларын меңгеруге және тиімді жұмыс істеуге қажетті әдістемелерді және көптеген әдістемелік материалдарды алуға мүмкіндік бар. Жыл сайынғы конференцияға бүкіл Ресейден және жақын шет елден қоғаммен байланыс бойынша 200-ден астам маман қатысуда. PR мамандарының жұмысына арналған өзекті тақырыптар бойынша 20-дан астам сарапшылар дәріс оқып, шеберлік сабағын көрсетіп жатыр. Конференцияның алғашқы күні барлық қатысушылар жалпыға ортақ баяндамаларды тыңдаса, екінші күні «Мемлекеттік құрылымдардағы қоғаммен байланыс» және «Бизнестегі қоғаммен байланыс» атты екі тақырыпта баяндама тыңдайды. Осылайша, әрбір қатысушы өзіне қажетті тақырып бойынша көлемді ақпарат ала отырып, өз жағдайлары бойынша сарапшыларға сұрақ қою мүмкіндігіне ие болады.