«Қазақстан» РТРК қызметкерлері ауыр науқасқа шалдыққан әріптестеріне көмек қолын созды

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - «Қазақстан» РТРК АҚ-ның қызметкерлері ауыр науқасқа шалдыққан әріптестеріне көмектесті.
None
None

  Операция жасау үшін қомақты қаражат қажет болды.

«Қазақстан» РТРК АҚ қарасты «Қазақстан-Ақтөбе» филиалының таңғы бағдарламалар тележүргізушісі 22 жасар Қонысбек Рысмағамбетов сирек кездесетін бүйрек үсті безі обырына ұшыраған еді. Журналистке ауруы асқынып кетпес үшін шұғыл түрде Израильде құны 110 мың АҚШ доллары тұратын екі операция жасау керек болатын.

Ал, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы спорт бағдарламасының редактор-жүргізушісі Асылхан Шәкіров жас та болса отандық журналистикада өз қолтаңбасы бар, кәсіби шеберлігін шыңдап келе жатқан, болашағынан үлкен үміт күтіп жүрген әріптесіміз. Оның лейкоз ауруына ұшырауы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ұжымының және бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет етіп жүрген көпшілік журналистердің қабырғасына тұтас батты.

Әріптестеріне қолғабыс ретінде «Қазақстан» РТРК АҚ қызметкерлері бір кісідей жұмылып, бір күндік еңбек ақыларын бөлді. «Қазақстан» РТРК АҚ ақпараты бойынша, бұл шараға корпорацияның барлық құрылымдық бөлімшелері түгел қатысты.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар