Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан сабақтастықты жаңарта отырып, саяси жүйесін жаңартып келеді — әзербайжандық сарапшы

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандағы қазіргі сайлау өкілетті биліктің жаңа моделін қалыптастыру аясында өтіп жатқандықтан ерекше әлеуметтік-саяси маңызға ие. Бұл туралы Kazinform агенттігінің Бакудегі меншікті тілшісіне берген сұхбатында әзербайжандық талдаушы және сарапшы, CASPIA талдау орталығының директоры Орхан Йолчуев мәлімдеді.

Қазақстан сабақтастықты жаңарта отырып, саяси жүйесін жаңартып келеді — әзербайжандық сарапшы
ФотоҮ Орхана Йолчуевтің жеке мұрағатынан

— Қазақстан жай ғана жаңа парламенттің жаңа құрамын сайлап отырған жоқ — ел заң шығару жүйесін жаңартып жатыр. Сондықтан қазіргі сайлауды бөлек саяси оқиға ретінде емес, конституциялық өзгертулерлі қоғамдық талқылау, ұлттық референдум, жаңа Конституцияны қабылдау және кейінгі сайлауларды қоса алғанда саяси жаңарудың дәйекті процесінің бөлігі ретінде қарастыру керек, — деді сарапшы.

Оның бағалауынша, саяси партиялардың рөлі де түбегейлі өзгеріп жатыр. Пропорционалды жүйеге көшу және өзін-өзі ұсынуды жою партиялардың кандидаттарды таңдауда және сайлауалды платформаларының мазмұнына жауапкершілігін арттырады.

— Бұл модель партиялық бәсекелестіктің маңыздылығын арттыруға ықпал етіп отыр. Қоғамға тек жалпы ұрандар ғана емес, сонымен қатар экономикалық және аймақтық даму, бизнесті қолдау, жұмыс орындарын құру, білім беру және технологиялық даму бойынша нақты шешімдер қажет, — деп атап өтті Йолчуев.

Ол сондай-ақ осы сайлау науқанының сипатына назар аударды. Оның айтуынша, ол жеткілікті түрде сындарлы, саяси риториканың айтарлықтай радикалдануынсыз өтті.

— Сайлаулар көбінесе поляризация мен өзара айыптаулармен қатар жүретін қазіргі саяси кеңістік үшін пікірталастың мазмұнды талқылануын сақтау қабілеті — саяси жетілудің көрсеткіші, — деп білдірді пікірін талдаушы.

Йолчуев жастар мен бизнес өкілдерінің белсенді қатысуын ерекше атап өтті. Оның пікірінше, бұл қоғамның мемлекеттік басқару жүйесіндегі кәсібилік пен жаңа құзыреттіліктерге деген сұранысын көрсетеді.

— Адами капитал үшін жаһандық бәсекелестік жағдайында білікті мамандар стратегиялық ресурсқа айналып отыр. Жеке сектор экономика, аймақтық даму, инвестицияла және жұмыс орындарын құрудың практикалық қажеттіліктерін жақсы түсінетіндіктен, кәсіпкерлердің белсенді қатысуы да маңызды, — деп атап өтті ол.

Сарапшының пікірінше, жаңа парламенттік модельдің соңғы бағасы Құрылтай жұмысын бастағаннан кейін мүмкін болады.

— Кез келген жаңа жүйені іс жүзінде сынақтан өткізу қажет. Құрылтай жұмысын бастағаннан кейін қай тетіктердің тиімді жұмыс істеп жатқаны және қайсысын одан әрі жетілдіруді қажет ететіні айқындалады. Мықты жүйе — ешқашан өзгермейтін емес, тұрақтылықты сақтай отырып, жетіле алатын жүйе, — деді Йолчуев.

Оның айтуынша, сабақтастық маңызды қағида болып қала береді. Өкілді биліктің жаңа құрылымы Қазақстанның жинақтаған саяси тәжірибесін жоққа шығармайды, керісінше, оның жаңа институционалдық жағдайларда одан әрі дамуын болжайды.

Йолчуев Қазақстанда болып жатқан процестердің Әзербайжан үшін де маңызды екенін атап өтті.

— Қазақстан — Әзербайжанның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі және түркі әлеміндегі саяси және экономикалық дамудың маңызды орталықтарының бірі. Сондықтан оның мемлекеттілігін нығайту және саяси жүйесінің тұрақты дамуы тек Қазақстанның өзі үшін ғана емес, сонымен қатар кеңірек еуразиялық кеңістік үшін де маңызды, — деп қорытындылады сарапшы.

Осыған дейін Бакуде Құрылтай сайлауы кезінде сайлаушылардың белсенділігі байқалып отырғанын жаздық.