Қазақстан салық салу индикаторлары бойынша 183 мемлекеттің ішінде 17-ші орынды иеленді

Бұл туралы бүгін Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі 2012 жылғы салық төлемдері мәселесіне арналған баспасөз мәслихатында Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақ мәлім етті.
Оның деректеріне қарағанда, салық салымдары бойынша Қазақстан алдыңғы жылы 26-шы орында болған. Қазір еліміздің бұл бағыттағы жетістіктері екі есеге артып, 17-ші орынға жетті. «Бұл Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасында ең үздік көрсеткіш. Жағдайдың бұлайша қалыптасуына 2009 жылы күшіне енген Салық кодексінің нормалары ықпал етіп отыр. Осы кодекстегі нормалар бойынша елдегі басты салық ставкілері төмендеді. Атап айтқанда, елде корпоративті пайда салығы 20 пайызға азайып, қосалқы құн салығы 12 пайызға кеміді. Сонымен қатар біздің салық төлеушілердің басты проблемалары болып келген салық есебін жүргізу мәселесі шешілді. Нақтырақ айтқанда, салық есептері қазір жылына бір рет қана жасалады. Кейбір салық түрлері бойынша ғана тоқсанына бір рет есеп дайындалады. Бұрын барлық салықтар бойынша есеп ай сайын және тоқсан сайын жүргізілетін»,-дейді комитет төрағасының орынбасары.