14:17, 28 Ақпан 2012 | GMT +5
Қазақстан салымшыларының қаржысы ел экономикасына жұмыс істеуі керек - «Астана» ЗЖҚ» АҚ-ның Басқарма төрағасы
АЛМАТЫ. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Зейнатақы нарығының өтімділігі айтарлықтай үлкен. Бұл туралы «Астана» зейнетақы жинақтау қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы Андрей Карягин бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Зейнетақы жинақтау нарығындағы 15 миллиард доллар көлеміндегі қаржы есеп-шотта бос жатқан жоқ. Ол жеткілікті деңгейде өтімді қаржы құралы. Бұл қаржыны елдің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына бағыттауға болады. Ондағы негізгі идея инфрақұрлымды инвестициялау болып отыр», - дейді А. Карягин.
Қазір Үкіметте қаралып жатқан инфрақұрлымдық облигация мәселесіне зейнетақы жинақтау қорлары зор сеніммен қарауда. «Астана» ЗЖҚ» басқарма төрағасының айтуынша, инфрақұрылымдық жобалар белгілі бір деңгейде тиімді. Ол мемлекеттік сұранысты реттейді. Салымшылар активі жеткілікті деңгейде ұзақ мерзімдік. Сол себепті зейнетақы жинақтау қорлары инфрақұрылымдық блокта стратегиялық инвестор болып саналады.