Қазақстан самбошылары Азия чемпионатында тоғыз медальді жеңіп алды
АШКЕНТ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Қазақстан самбошылары Азия чемпионатында тоғыз медаль жеңіп алды.
Бұл күндері Ташкенттегі «Жар» спорт кешенінде самбодан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Сайысқа әлемнің 17 елінен келген спортшылар қатысуда. Қазақстан чемпионатқа медаль үшін сайысып жатқан негізгі емес құрамның 67 самбошысын қатыс тыруда.
Ерлер мен әйелдер арасындағы өнер көрсеткендердің қорытындысы бойынша, Ардақ Құлжанов (57 кг), Дархан Сержанов (62 кг), Мәди Құрымбаев (74 кг) алтын медальға ие болды. Эдуард Сапаров (52 кг), Анар Сейтімова (80 кг-нан жоғары) және Раиса Байлиева (60 кг) күміс медаль алды. Бибігүл Баймұратова (48 каг), Әлия Жылқыбаева (72 кг) және Динара Оразбекова (80 кг) қола медальді қанағат тұтты.
Бүгін күннің екінші жартысында жасөспірімдер арасында финалдық жарыстар болады.