Қазақстан самғауға бет алды - академик М.Молдабеков

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - «Ашылу салтанатына ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің қызметкерлері де қатысқан «Қазақ елі» жаңа кешені мақтаныш  сезімін оятады, қазақстандықтардың келешегіне сенім ұялатады», - деп өз ойымен бөлісті ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары, техника ғылымдарының докторы, академик Мейірбек Молдабеков.

Қазақстан самғауға бет алды - академик М.Молдабеков

«Сәулет ансамбліне бір қараған кезде Қазақстан самғауға қанат қомдағандай әсер қалдырады. Бізде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қолдауымен бейбітшілікке және ұлтаралық келісімге берік негіз қаланған. «Қазақ елі» кешені өзінің тарихи шыншылдығымен және мәнімен қатты әсер қалдырады», - деп санайды Мейірбек Молдабеков.