Қазақстан сарбаздары «Арми-2017» додасында күші мығымдығымен таң қалдырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінде ««АРМИ-2017» халықаралық әскери ойындарының қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты болып өтті. Додаға әлемнің 29 елінен келген 150 әскери команданың сайысына 4 мыңнан астам әскери қызметші қатысқан болатын, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстан Қарулы күштері құрамасы Армия ойындарында жалпы командалық есепте Қытай мен Ресейді алға жіберіп, үшінші орынды иеленде. Мәскеудегі «Алабино» полигонында сайыс мәресіне жеткен. Құрамамыздың қоржынында 3 алтын, 7 күміс және 5 қола медаль бар. Қазақстан әскерінің абыройы үшін Армия ойындарына қазақстандық 350 сарбаз қатысты.
null 

«ҚР ҚК командасы Қазақстанда, Ресейде, Қытайда, Әзербайжан мен Беларусьта өткен 17 байқауға қатысты. Жалпы есепте, Қытай мен Ресейден кейін үшінші орын алды. Тапсырма орындалды. Команда жасақтауға тыңғылықты дайындалдық. Әскери қаруымыз да сақадай сай еді. ҚР Қарулы күштері соңғы 25 жылда жоғары деңгейге жетті. Заманға сай техникаларымыз бар. Бір сөзбен айтқанда сайысқа барлық құрлықтың әскериолері келді, 29 ел қатысты. Қазақстан бұл сайыста барын салды. Мен Мәскеуде халықаралық қазылар алқасының мүшесі болдым. Иә, кейде келіспеушіліктер де болып жатты. Бірақ, ортақ тіл табыстық. Мергендер мен танкішілер да жарады», - дейді ҚК Бас штабы бастығының бірінші орынбасары Әмір Халықов.
null 

Ұйымдастырушылардың берген бағасы бойынша Қазақстан командасы көрнекі құрамалардың бірі болған. «Арми-2017» сайысында қазақстандық құраманың соңғысында «Танкі биатлонынан» оза шауып өзге елдерді таң қалдырған екен. Онда танкішілеріміз 1 сағат 45 минут 41 секунд нәтижесімен Т-72 танкісінің базалық моделінде жоғары машығын көрсетіп, екінші орын алған. Әскери лауазымды қызметкерлер озық танкілері бар елдерді артта қалдырған Қазақстан танкішілерінің күмісі алтынға тең деседі.
null 

«Біз армия ойындары аясында Беларусьта да сайысқа түстік. Байқау 9 жыл қатарынан өтуде. Армия ойындары 5 кезеңнен тұрды. Жауынгерлерден кәсіби дағдысы, мергендігі, дене дайындығы, қайсарлығы мен патриоттығы талап етілді. Бес кезеңнен тұратын сайыста үш кезеңде бірінші, жалпы есепте екінші орын алды. Әр кезең бойынша біздің сарбаздар ерекше қимыл-әрекетімен таң қалдырды. Кедергілерді бағындыру кезеңінде тіпті басқа елдің қатысушылары біздің елдің жауынгерлерінің мығымдығына қарап «Сарбаздарыңа қандай тамақ бересіңдер?» деп таң қалды. Олардың тіпті қарқыны үдей түскен кезде тіпті таң-тамаша қалған еді. Бұл нәтижені жақсарта түскіміз келеді», - дейді ҚР ҚК Бас штабы сержанттар құрамымен жұмыс басқармасының бастығы Темірбек Халықов.
null 
null 

Соңғы жаңалықтар
telegram