Қазақстан Сауд Арабиясына QazVac вакцинасын жеткізуді ұсынды
Бұған дейін министр Қазақстан мен Сауд Арабиясының тікелей әуе рейстері қайта жанданатынын хабарлаған еді.
«Қозғалыс шектеулерін азайту үшін біз вакциналау паспорттарын екіжақты тануды қолдаймыз. Егер Сауд Арабиясы тарапы қызығушылық танытса, Қазақстан QazVac вакцинасын Сауд Арабиясына жеткізу, сондай-ақ Сауд Арабиясы Корольдігі аумағында қазақстандық вакцинаны бірлесіп өндіру мүмкіндігін қарастыруды ұсынады», - деді Бақыт Сұлтанов елордада Қазақстан мен Сауд Арабиясының бірлескен инвестициялық бизнес форумында.
Айта кетейік, Қазақстан-Сауд Арабиясы инвестициялық бизнес-форумына екі елдің іскер топтары мен бизнесінің 170-тен астам өкілі қатысуда. Шара барысында саудиялық компаниялар жеке секторды дамыту, серпінді қоғам құру және Корольдіктің халықаралық саудадағы бәсекеге қабілеттігін арттыруды көздейтін «Saudi Vision 2030» ұлттық бағдарламасын іске асыру тәжірибесімен бөліседі.