Қазақстан саясаттанудағы талдамалы ойдың орталығы - Ресейдегі Ислам комитетінің төрағасы
АЛМАТЫ. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан саясаттанудағы талдамалы ойдың орталығы. Оны Ресейдегі Ислам комитетінің төрағасы Гейдар Жамал Алматыда өтіп жатқан 8-ші Еуразиялық медиафорумда мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Мен Еуразиялық медиафорумға үшінші рет қатысып отырмын. Ол өте жоғары сапада өтіп жатқанын атап өткім келеді. Қазақстандық баспасөздің де деңгейі өте жоғары. Әсіресе талдау, саясаттану саласында қазақстандық зияткер саясаттанушылар айтарлықтай деңгейде ойды тура жеткізуімен ерекшеленеді. Әңгіме ашық жүрген кезде қазақстандық мамандардың арасынан жайлы әңгімелесуші табасың. Өйткені мұнда қазақтардың мінезіне сәйкес этникалық, дәстүрге байланысты қазақстандық ерекшеліктің күші басым», дейді Гейдар Жамал. Оның айтуынша, бұл посткоммуникациялық дәуірдегі жаңа феномендермен кездесу кезінде өте маңызды.