«Қазақстан-Семей» телекомпаниясының қызметкерлері жол апатына ұшырады

ӨСКЕМЕН. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Кеше кешке Семей-Қаражыра разъезі жолында екі УАЗ көлігі соқтығысып, апат салдарынан бір жолаушы қаза тапты, екі жүргізуші ауруханаға түсті.

«Қазақстан-Семей» телекомпаниясының  қызметкерлері  жол  апатына   ұшырады

Зардап шеккендердің ішінде «Қазақстан-Семей» телекомпаниясының үш қызметкері - оператор мен екі журналист бар, олардың біреуіне қазір күрделі операция жасалуда.

Сол күні кешке Семей-Қайнар тас жолының 35-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алып, онда бес жолаушы опат болды, деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметінен.

«Ауди» көлігі «Ланд Крузермен» соқтығысып қалып, апат салдарынан «Аудидің» бес жолаушысы көз жұмды. «Аудидің» жүргізушісі мен «Ланд Крузердің» бір жолаушысы Семей қаласының жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Джип жүргізушісі ауруханаға жатудан бас тартты.