12:21, 05 Қаңтар 2026 | GMT +5
Қазақстан семсерлесуден әлем кубогі кезеңін екі медальмен аяқтады
АСТАНА.KAZINFORM - Фуджейрада (БАӘ) рапирамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінің кезеңі аяқталды.
ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасы ірі жарыста екі медальға қол жеткізді. Әйелдер арасында София Актаева күміс жүлдеге ие болды.
Ерлер жарысында Тимофей Семёнов ел қоржынына қола медальді салды.
Айта кетейік, «Қайрат» футбол клубы Абу-Дабидегі алғашқы жиынға қатысатын ойыншылар тізімін жария етті. Бірақ тізімде Дастан Сәтпаев жоқ.
София Актаева семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды.