Қазақстан Сьерра-Леонемен бірқатар салада ынтымақтастықты дамытады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін елордада ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Сьерра-Леоне Республикасының Сыртқы істер министрі Муса Тимоти Каббаның келіссөзі өтті.

Қазақстан мен Әзербайжанды ортақ тарих пен рухани құндылықтар байланыстырады – Мұрат Нұртілеу
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

- Сіздің Қазақстанға алғашқы ресми сапарыңыз екіжақты қарым-қатынастарымыз бен құрлықаралық байланыстарымызды дамытудағы маңызды қадам деп санаймыз. Сьерра-Леоне – Африкадағы маңызды серіктестеріміздің бірі. Биыл Астана мен Фритаун арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 11 жыл толады. Географиялық алшақтыққа қарамастан, біз сенім мен теңдікке негізделген ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз, - деді Мұрат Нұртілеу.

ҚР Премьер-министрі орынбасарының айтуынша, екі ел арасында сауда, көлік-логистика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да маңызды салаларда жемісті ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеует бар. Бұл тұрғыда Сьерра-Леоне делеграциясының Қазақстанған сапарына орай кешенді бағдарлама дайындалған. Олар еліміздегі жетекші IT және қаржы институттарымен егжей-тегжейлі танысады.

- Сіздің сапарыңыз біздің елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы тығыз байланыстарды ілгерілету үшін берік негіз болатынына күмәнім жоқ, - деді Мұрат Нұртілеу.

Айта кетейік, Сьерра-Леоне Республикасы Сыртқы істер министрінің Қазақстандағы ресми сапары 7-9 сәуір аралығында өтеді деп жоспарланған.

Еске салсақ, былтыр Қазақстан мен Сьерра-Леоне дипломаттары екі ел арасында визасыз қатынай алатыны жарияланды.

Соңғы жаңалықтар