Қазақстан шабандоздарының Азиадада бақ сынайтын күндері белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның ат спортынан ұлттық құрамасы 12 жылдық үзілістен кейін Азия ойындарына қайта оралады. Aichi-Nagoya 2026 ойындарында ел намысын 4 шабандоз және олардың сәйгүліктері қорғайды.

Астанада ат спортынан Конституцияның 30 жылдығына арналған жарыс өтіп жатыр
Фото: Астана әкімдігі

Ат спорты бойынша жарыстар Жапонияның Токио қаласындағы әйгілі JRA Equestrian Park аренасында өтеді. Бұл арена Токио-2020 Олимпиада ойындарын қабылдаған болатын.

Жарысты 21 қыркүйекте үшсайысшылар бастады. 24-27 қыркүйекте атпен мәнерлеп жүрушілер аренаға шығады.

Ал қазақстандық спортшылар конкур бағдарламасында өнер көрсетеді. Жарыс 1, 3 және 4 қазан күндері өтеді. Атап айтқанда, алдымен командалық финалдың 2 раунды бойынша жарысады. Мұнан соң спортшылар жекелей сында 1.45 және 1.55 м биіктіктегі, ал соңғы күні 1.50 және 1.55 м биіктіктегі кедергілерді еңсерулері керек.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы сапында тәжірибелі спортшылар бар: Олег Соколенко, Раиса Соколенко, Нұрила Тұрысбекова және Ксения Баталова.