«Қазақстан» шахтасы апаттан кейін аздап қалпына келтірілді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -31 тамыз күні таңғы сағат төртте кенеттен метан таралуы салдарынан үш кенші қаза тауып, төртеуі аурухаға жеткізілген Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «Қазақстан» шахтасында 15 учаске іске қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
None
None

«31 тамыз күні таңғы сағат бестерде «Қазақстан» шахтасының батыс желдеткішінің ұңғысында кенеттен метан тарап, шахта жұмысы тоқтатылған еді. Қазіргі таңда апаттық кенжарда газсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл аумақта ҚР ИДМ Индустриалдық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті Кәсіби әскерилендірілген апаттық құтқару қызметінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда «Қазақстан» шахтасында 15 учаске жұмыс істеп тұр. Онда 187 жұмысшы мен 24 инженерлік-техникалық жұмысшы еңбек етуде. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Кен өндіру жұмыстарын тоқтатудың салдарынан компанияға келтірілген экономикалық шығынның мөлшері хабарланбады. 

Соңғы жаңалықтар