«Қазақстан» шахтасы кеншілерінің жалақысы қанша

АСТАНА. ҚазАқпарат – «АрселорМиттал Теміртау» тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай шахтерлердің жалақысын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан» шахтасы кеншілерінің жалақысы қанша

«Жұмысшылардың жалақысын шамамен айта аламын. Ол түрлі жағдайларға байланысты. Кен өндіру учаскесінің үңгушісі шамамен 860-880 мың теңге жалақы алады. Бірақ ол үшін жоспарды, техника қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштің барлық шарттарын орындауы қажет. Бұл –бесінші разрядтағылардың жалақысы. Ал қосалқы учаскенің үшінші разрядты жерасты тау-кен жұмысшысының жалақысы 500-515 мың теңге шамасында. Олар да техника қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштің барлық шарттарын орындауы тиіс», - деді ол Қарағанды өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте.

Еске салайық, «Қазақстан» шахтасында өрт кеше, 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.

Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.

5 жұмысшының тағдыры белгісіз болды. Кейін олардың бірінің денесі табылды. Қалған 3 адамды іздестіру жалғасып жатыр.

Қарағандыдағы көмір шахтасында зардап шеккендердің арасында екі адам жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы хабарлаған едік.

Айта кетейік, Президент «Қазақстан» шахтасында болған өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.