«Қазақстан» шахтасындағы апат үшін жауапты тұлға 7 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазақстан» шахтасындағы апат үшін жауапты тұлға 7 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл топтық қайғылы жайт саналады. Қылмыстық кодекске сәйкес, егер сот басшылық шынымен де кінәлі деп таныса, онда 7 жылға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деді ол Қарағанды өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте.

Ал Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин жауапкершілік деңгейін сот айқындайтынына назар аудартты.

«Қайғылы жайттың себептерін, қызметкерлердің өлімін тергеу аяқталғаннан кейін материал сотқа беріледі және сот жауапкершілікті айқындайды. Комиссия материалдарында қауіпсіздік техникасын, лауазымдық нұсқаулықты бұзған тұлғаның іс-әрекеттері көрсетіледі. Мұны сот айқындайтын болады», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Еске салайық, «Қазақстан» шахтасында өрт кеше, 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.

Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізізардап шекті.

5 жұмысшының тағдыры белгісіз болды. Кейін олардың бірінің денесі табылды. Қалған 3 адамды іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.

Қарағандыдағы көмір шахтасында зардап шеккендердің арасында екі адам жансақтау бөлімінде жеткізілгені туралы хабарлаған едік.

Айта кетейік, Президент «Қазақстан» шахтасында болған өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.


Соңғы жаңалықтар