«Қазақстан» шахтасындағы өрт: 13 кеншіге медициналық көмек қажет

None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – 18 тамыздағы жағдай бойынша «Қазақстан» шахтасындағы өрттен зардап шеккен 11 кенші емдеу мекемелерінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олардың 2-еуі үй жағдайында амбулаторлық бақылауда. Барлығы 13 кеншіге медициналық көмек қажет.

Бұған дейін дәрігерлер ауруханада жатқан екі шахтер жан сақтау бөлімінен токсикология бөліміне ауыстырылғанын айтқан болатын.

«17 тамызда «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасына» 9 шахтер жеткізілді. Олардың екеуі реанимациядан токсикология бөліміне ауыстырылды. Жағдайы ауырлау. Ауырлығы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға, гемодинамиканың тұрақсыздығына, уланудың токсикогендік кезеңіне байланысты. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты», - делінген хабарламада.

Қалған 7 адам токсикология бөлімінде. Олардың жағдайы – орташа ауыр. Ауырлығы жедел интоксикация синдромы мен энцефалопатияға байланысты. Гемодинамикалық көрсеткіштер тұрақты.


Соңғы жаңалықтар
telegram referendum