Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден Чехияның Френштат-под-Радгоштем қаласында өткен FIS кубогының кезеңінде үш медаль жеңіп алды.

Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК

Жарыстың алғашқы күнінде Данил Васильев жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы екі мүмкіндіктің қорытындысы бойынша 258,4 ұпай жинап, аустриялық Якоб Штайнбергерді (236,6) және польшалық Ян Галицаны (236,3) басып озды.

Екінші күні Қазақстан өкілдері алғашқы екі орынды иеленді. Жеңімпаз атанған Илья Мизерных 267,4 ұпай жинады.

Екінші орынға 259,8 ұпаймен Данил Васильев жайғасты. Үздік үштікті 244,5 ұпай жинаған австриялық Якоб Штайнбергер түйіндеді.

Еске салайық, мұның алдында Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанғанын хабарлаған едік.