Қазақстан шаңғымен бағдарлаудан 2013 жылғы Әлем кубогін өткізуді жоспарлап отыр- ҚР Шаңғымен бағдарлау қауымдастығының төрағасы

АЛМАТЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыдағы 7-Қысқы Азия ойындарының Бас баспасөз орталығында Азиадаға жаңадан қосылған допты хоккей және шаңғымен бағдарлау спорт түрлеріне арналған баспасөз мәслихаты болып өтті.

Қазақстан шаңғымен бағдарлаудан 2013 жылғы Әлем кубогін өткізуді жоспарлап отыр- ҚР Шаңғымен бағдарлау қауымдастығының төрағасы

ҚР Шаңғымен бағдарлау қауымдастығының төрағасы Владимир Тельновтың мәлімдеуінше, Қазақстан шаңғымен бағдарлаудан 2013 жылғы Әлем кубогін өткізуді жоспарлап отыр. «Бұл спорт түріне жақында 100 жыл толады. Ал бізде енді қарқын алып жатыр», - дейді В. Тельнов.

Оның айтуынша, әлем бойынша былтырғы жылдың ең жылдам спортшы қызы біздің құрамада. Ал ерлер арасында Михаил Сорокин әлем бойынша үздік 15-20 спортшының қатарында. «Бұл Азиада ойындарында шаңғымен бағдарлаудан басты қарсыласымыз - Жапония құрамасы», - дейді қауымдастық төрағасы.