Қазақстан шаңғышылары әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті

АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Канаданың Квабек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық шаңғышылар Денис Волотка мен Николай Чебатько алтын жүлдеге ие болды.

Қазақстан шаңғышылары әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті

Бұған дейін еліміздің спортшылары командалық спринтте алтын алып көрмеген,-деп хабарлайды «Аламан» агенттігі.

Қазақстан спортшылары бұл жүлдені командалық спринтте жеңіп алды. Ал екінші орынды ресейлік спотшылар иеленді. Олар біздің шаңғышылардан 0,1 секунтқа қалып қойды.

Әлем кубогының үшінші кезеңі:

Ерлер. Командалық спринт, 6х1,6 шақырым. Еркін әдіс.
1. Қазақстан (Денис Волотка, Николай Чеботько) - 19.25,1;
2. Ресей (Никита Крюков, Алексей Петухов) +0,1;
3. Норвегия (Андерс Глорсен, Эрик Брандсдаль) +1,1.