Қазақстан шаңғышылары Универсиаданың үш медалінен үмітті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан шаңғышылары алдағы Алматыда өтетін Дүниежүзілік қысқы универсиадада кем дегенде 3 медаль жеңіп алуды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Спортшыларымыз оқу-жаттығу жиындарынан өтті. Ұлттық құрама жаттығуларда үздік нәтиже көрсеткен жас спортшылармен толықты. Біз әлем кубогінен жүлделі орындарды алып үлгердік. Олар универсиадаға қызу дайындалып жатыр. Аз дегенде үш медальдан үмітіміз бар»,  -деді Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Александр Батяйкин.

Айта кетейік, Алматыда универсиада дирекциясы мен Global компаниясы арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.

Осылайша, шаңғы жарысы ұлттық федерациясының тарихында тұңғыш рет жеке демеушісі пайда болды. 

Соңғы жаңалықтар