Қазақстан шекараларында 6 тоннадан астам есірткі тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Көкнәр-2016» жедел-сауықтыру шарасы аясында осы жылдың маусым айынан бастап 6,2 тоннадан астам есірткі заттарын тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан шекараларында 6 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Атап айтқанда, мемлекеттік шекараның әртүрлі бөліктерінен келесідей есірткі заттары тәркіленді: героин - 7 кг 231 гр 340 млгр, гашиш - 12 кг 888 гр 439 млгр,марихуана - 185 кг 742 гр 725 млгр,кептірілген марихуана - 6т 760 кг, психотроптық «Травмадол» таблеткалары - 50 дана, қарасора тұқымы - 121,5 гр, көкнәр тұқымы - 100 гр, «Спайс» есірткілік синтетикалық заты- 4гр, шайыр майы - 3 гр 310 млгр, қолдан өсірілген қарақурай - 13 417 түп.

Сондай-ақ өздігімен өсіп шыққан 5 га қарасора анықталды.

Іс-шара аясында 156 азамат ұсталды, олардың 87-сі - Қазақстан, 26 - Ресей, 8 - Өзбекстан, 33 - Қырғызстан, 1 - Тәжікстан және тағы 1-еуі  Әзербайжан азаматтары.

 «Көкнәр-2016» іс-шарасы жалғасу үстінде.