Қазақстан шекарашылары Каспийде заңсыз бір тонна бекіре аулағандарды ұстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жағалау күзетінің» аймақтық басқарма шекарашылары браконьерлік жолмен балық аулаған Әзербайжанның 4 азаматын ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Браконьерлер ҚР ҰҚК ШҚ-нің «Тараз» шекаралық кемесі экипажының талаптарын орындамай, Қазақстанның айдындағы шекарасынан үлкен жылдамдықпен қашуға әрекеттенген.

«Олар ауаға екі рет ескерту оғы атылған соң берілді. Қару қолданылғаннан ешкім зардап шеккен жоқ. Шағын қайықты тексеру барысында жалпы салмағы 946 келі 240 дана бекіре балығы анықталды», делінген хабарламада. Аталған факті бойынша, құқық қорғау органдарына хабарланды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар