Қазақстан шекарашыларының қырғыз азаматтары - этникалық өзбектерді өткізуге тосқауыл жасағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды - Қазақстан шекара қызметі

АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат - Қазақстан шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлама таратты, онда «Бірнеше БАҚ-та Қырғызстан шекара қызметіне сілтеме жасалған мақалалар шығып, Қазақстан шекарашыларының ұлты өзбек қырғыз азаматтарын өткізуге тосқауыл жасағаны орын алып отыр», дегендей ақпарат таратылған делінген.

Қазақстан шекарашыларының қырғыз азаматтары - этникалық өзбектерді өткізуге тосқауыл жасағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды - Қазақстан шекара қызметі

«Осыған байланысты, аталмыш жарияланымдардағы фактілер шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қазақстан шекара қызметі Қырғыз еліндегі жағдайдың тұрақсыз болып отырғанына байланысты Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекарада жоспарлы түрде күшейту шараларын жүзеге асырып отыр.