Қазақстанға жыл басынан бері 12,3 млн шетелдік келді

АСТАНА. KAZINFORM – Оның ішінде 660 мыңнан астам шетел азаматы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды.

мигранты иностранцы
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрлігі

- Көші-қон саласы Ішкі істер министрлігінің қатаң бақылауында. Соңғы жылдары елімізге келетін шетел азаматтарының саны өсіп келеді. Жыл басынан бері 12,3 млн шетел азаматы келді, 11, 2 млн азамат елден шықты. Шетел азаматтарының көбісі Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Қытай және Тәжікстан елдерінен келеді, - деді Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, елімізге келетін шетелдіктердің басым бөлігі туристер немесе Қазақстан арқылы транзитпен өтетіндер.

- Жыл басынан бері 660 мыңнан астам шетел азаматы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды, Олардың 90 пайызы еңбек ету мақсатында келген. Уақытша тұруға рұқсат алған шетел азаматтары көбіне республикалық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ батыс және оңтүстік өңірлерде тұрып жатыр, - дейді спикер.

Бұған дейін қазақстандықтар жұмыс істеуге көбіне қай елдерге баратыны туралы жазған едік.

Айта кетейік, Қазақстанда қандас мәртебесін ұзарту тәртібі жеңілдетілді.

 

Соңғы жаңалықтар