Қазақстан шекарасынан 20 тоннаға жуық қара металл алып өтпек болған ресейлік ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Ресей шекарасында шекарашылар 20 тоннаға жуық қара металды заңсыз алып өтпек болған азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінен.

Қазақстан шекарасынан 20 тоннаға жуық қара металл алып өтпек болған ресейлік ұсталды

«Ақтөбе шекара отрядына қарасты «Жайсаң» шекаралық бақылау бөлімшесінің бақылаушылары Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Аталған азамат «МАН» автокөлігіне 20 тоннаға жуық қара металды тиеп, оны шекарадан заңсыз өткізуге әрекеттенгені белгілі болды», делінген хабарламада.

Тексере келгенде, ресейлік азаматтың аталған жүкті Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге алып өтуге қажетті құжаттар болмай шықты.

Ұсталған жүк пен азамат Мартөк аудандық ішкі істер бөліміне берілді.