Қазақстан шекарасынан 45 шақырым жерде қытайлар көмірден газ өндіретін зауыт салып жатыр - Бақытжан Жақсалиев
МАТЫ. 1 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытайда биыл көмірден газ өндіретін жаңа зауыт іске қосылмақ. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан "Инновациялар, энергия және ресурс жинақтау технологиялары электр энергетикасы саласын жаңартудың негізі" деп аталатын энергетикалық форумында айтылды.
"Жақында үкімет делегациясы Қытайдағы Қазақстан шекарасынан 45 шақырым жердегі көмірден газ өндіретін жаңа зауытқа барып қайтты. Онда ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Жылына 5,5 миллиард текше метр газ өндірілмек. Ол Түрікменстан-Өзбекстан -Қазақстан аумағы арқылы өтетін газ құбыры арқылы Қытайдың шығыс жағалауына дейін жеткізілмек", - дейді индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев. Оның айтуынша, бұл жобаға 1,5 миллиард доллар инвестиция жұмсалған. Қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жаңа технологиялық шешімдерді қолдану бағытында Қазақстан бұл жобаға зор қызығушылық білдіріп отыр. Энергетика саласын одан ары дамыту көмір өндіруге тәуелді. Сондықтан Қазақстан бұл салада Қытайдың ғана емес Австралия, АҚШ, Оңтүстік Африка елдерінің де тәжірибесін зерттеуде.