Қазақстан шекарасында ер адам ойыншық қарумен пойыз тоқтатқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Волгоградтық шекарашылар Кайсацкое кентінде пойыз машинисін қорқытқан 31 жастағы ресейлікті ұстады.
РФ Волгоград облысы ФҚК ШБ баспасөз қызметі Волжский.ру сайтына хабарлағандай, ішімдік ішкен ер адам теміржол бойында қолына қару алып, Астраханьнан келе жатқан пойыз машинисінің кабинасына қарай бағыттап тұрған. Өзіне бағытталған мылтықты көріп, машинист пойызды тоқтатуға мәжбүр болған.
Мас бұзақыны полицияға тапсырған. Оған қатысты процессуалдық шешім қабылданады.