Қазақстан шекарасында санитарлық-карантиндік бекеттер құрылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан шекарасында санитарлық-карантиндік бекеттер құрылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу бекеттерінде санитарлық-карантиндік пункттерді құру шараларын қолға алды. Арнайы карантиндік аймақтар құрылатын өткізу бекеттерінің тізімін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия бекітеді. Мұнан бөлек, жекелеген өткізу пункттерін уақытша жабу мүмкіндігі қаралмақ», - деді атап өтеді министрліктен.
Айта кетейік, Қазақстанның мемлекеттік шекарада 51 өткізу бекеті бар. Оның 37-сі Еуразиялық экономикалық одақ елдері (Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасы) және 14-і Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан және Түркіменстан елдері шекарасында орналасқан.