Қазақстан шет елдегі қандастарын көшіріп алу үшін жылына 13 миллион доллар бөледі

АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылы Қазақстанның 8 мың оралманға арналған квотасы бос тұр. Бұл жайында www.bnews.kz порталында өткен Online-конференция барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Қабылсаят Әбішев айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарт.

Оның айтуынша, осы жылы 20 мың отбасына квота бөлінсе, соның 12 мыңына ғана өтініш түскен. Ал қалған 8 мыңы бос тұр, бұл орташа есеппен 40 мың адамды құрайды. Жалпы оралмандар көшінің баяулауына Үкіметті кінәлаудың еш себебі жоқ. Мемлекет ешкімді олардың ықтиярынсыз тарихи отанына көшіре алмайды.

«Қазақстан шет елдегі қандастарын көшіріп алу үшін жылына 13 миллион доллар бөледі. Мұндай ауқымды қаражат бізден басқа мемлекеттерде бөлінген емес. Мәселен, Германия отандастарын көшіріп алу үшін жылына 4 миллион, ал Израиль болса 6 миллион доллар қаржы жұмсайды. Біз  болсақ қаржы дағдарысына қарамастан, аталған соманы тек квота есебінде беріп отырмыз», дейді Қ.Әбішев.

Соңғы жаңалықтар