Қазақстан шетел азаматтарына ЖСН беруді уақытша тоқтатады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жоба 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылатынын хабарлайды.

Посольство Республики Казахстан в Республике Беларусь
Фото: Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшілігі

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған қызмет көрсетілмейді.

Анықтама үшін: «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2024 жылғы 19 наурыздағы № 11-1-4/113, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 19 наурыздағы № 246 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 19 наурыздағы № 166/НҚ бірлескен бұйрығына сәйкес пилоттық жоба 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады.

Осыған дейін Сыртқы істер министрлігінен 11 функция алынып тасталғанын хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар