Қазақстан шетелде көліктік-логистикалық кешендер желісін құрады

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан шетелде көліктік-логистикалық кешендер желісін құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының президенті Асқар Мамин мәлім етті.

Қазақстан шетелде көліктік-логистикалық кешендер желісін құрады
«Атап айтқанда, Қытайдың батыс бөлігіндегі Ляньюньган айлағында терминал инфрақұрылымы құрылатын болады. Сонымен қатар Орталық Еуропада, Балтық және Қара теңізі аймақтарында, Парсы шығанағында да жобалар қарастырылу үстінде. 2014 жылы компаниялардың сыртқы агенттігі желісін қалыптастыру басталады», - деді А.Мамин.