«Қазақстан - шетелдік БАҚ көзімен» халықаралық байқауының нәтижесі шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның бас редакторлар клубы шетел журналистері арасында өткен  «Қазақстан - шетелдік БАҚ көзімен» атты 4-ші Халықаралық байқаудың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Ағымдағы  жылы ұйымдастыру комитетіне 29 елден келіп түскен 83 өтінімнің арасынан байқау комиссиясы бес өңір бойынша жеңімпаздарды анықтады. Сонымен ТМД және Балтық елдер авторларының арасында әзербайжандық Перване Султанова жеңімпаз атанды. Оның «Қазақстанның жаңа миссиясы: энергетикадан бейбіт дипломатияға» атты мақаласы «1news.az» ақпараттық агенттігінің сайтында әзербайжан тілінде жарық көрді.

Қазылар алқасы Еуропа журналистері арасынан италиялық Илария Капитанионы «Vocal Europe» журналында жарық көрген «Мүмкіндіктер мен қиындықтар арқылы Қазақстан жаңғыру толқынына шықты» атты мақаласы үшін жеңімпаз ретінде таныты.

Канадалық Том Тейлордың «Wildlives.co» сайтында жарияланған «Қазақстанға бару үшін бес себеп» атты мақаласы Америка құрлығының журналистері арасындағы ең үздік мақала болып табылды.

Азия, Аустралия және Океания елдері арасынан қазылар алқасы Оңтүстік Кореяның өкілі Джоел Лиді «The Korea Herald» газетінде жарияланған «Этникалық кәрістер Қазақстанда табысқа жетуде» деген мақаласын таңдады.

Таяу Шығыс пен Африка елдерінің жеңімпазы - израильдік Уди Шахам. Ол  «The Jerusalem Post» басылымында «Қазақстан «Жаңа Жібек жолының» астанасы рөліне ұмтылады» деп аталатын мақаласын жариялаған.

Жеңімпаздардан басқа бес өңірдің әрқайсысында қосымша үздік жарияланымдар атанды, олардың авторлары  Сыртқы істер министрінің атынан алғыс сертификаттарын алады.

Байқау комиссияның құрамына ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және Бас редакторлар клубының президенті Ержан Бекхожин кірді.

Байқау ережесіне сәйкес, жеңімпаздар  тамыз айында Қазақстанға, нақтырақ айтқанда, Астанаға, Алматыға және Бурабайға сапар шеге алады. Олар сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің павильондарына, мәдени және тарихи нысандарына барып, Қазақстанның лауазымды басшыларымен, сарапшылармен, журналистермен, мәдениет, спорт және туризм саласының өкілдерімен сұхбаттасу мүмкіндігіне ие.

ҚР Сыртқы істер министрі Қ. Әбдірахманов мұндай байқау тек Қазақстан туралы шетелдегі хабардарлықты арттыру мен халықаралық бейбіт бастамаларымызды насихаттау мүмкіндігі ғана емес, сондай-ақ байқаушылардың жұмыстары жарияланған елдермен екіжақты және көпжақты қатынастарды одан әрі дамытуға қосқан үлес болып табылатынын атап өтті.

«Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлі журналистердің баяндамаларында басты тақырыптардың бірі болды. Еліміздің саяси, экономикалық, мәдени және басқа да салалардағы жетістіктері шетелдік БАҚ-тардың назарынан тыс қалмады. Мұның бәрі Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының табысты екенін дәлелдейді», - деді Қ. Әбдірахманов.

Соңғы жаңалықтар