Қазақстан шетелдік ғылым докторы дипломдарын тану процесін тоқтата ма – вице-премьер жауабы

доктор
Фото: Александр Павский / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутаттарының елімізде шетелдік ғылым докторы дипломдарын тану процесін тоқтатуға қатысты сауалына жауап берді.

«Қазақстан 2010 жылдан бастап Болон процесінің толық құқылы мүшесі саналады және Ұлттық біліктілік шеңберін бекітті. Ол Еуропалық біліктілік шеңбері және Білім берудің халықаралық стандарттық жіктелімі негізінде әзірленген. «Білім туралы» заңға сәйкес, Қазақстанда ғылым кандидат және ғылым докторы ғылыми дәрежелері берілмейді. Қазақстанда ғылым докторын тану Еуразиялық экономикалық одақ туралы халықаралық шарттың міндеттемелеріне сәйкес PhD докторы дәрежесін беру жолымен жүзеге асырылады», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Оның атап өтуінше, 2023 жылы бекітілген Білім туралы құжаттарды тану қағидаларымен регламенттелген шетелдік құжаттарды тану процедурасы ұлттық мүдеге сай келетін өлшемшарттарды қамтиды. Мәселен, соңғы 3 жылда шетелідк дипломдарды тану туралы 306 өтініш түсіп, оның ішінде 103 диплом танылмаған. Бұл – 33,6 пайыз. Сонымен қатар ЕАЭО-дағы серіктес елдерден тарапынан да өтініштер санының төмендеуі байқалады.

«Өз кезегінде, қағида әрекетін тоқтату Қазақстанның халықаралық шарт нормаларын жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерін бұзуға, шетелде ғылым докторы ғылыми атағын алған азаматтардың құқығына нұқсан келтіруге алып келеді», - деді Тамара Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар