Қазақстан ширек финалда ЕУРО-2016 чемпионымен ойнайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шағын футболдан Қазақстан құрамасының Еуропа - 2016 чемпионатындағы ширек финалдық ойынындағы қарсыласы анықталды, деп жазады Sports.kz.

Қазақстан ширек финалда ЕУРО-2016 чемпионымен ойнайды

Ол D тобындағы Азербайжанды (3:0) және Чехияны (7:0) ұтқан Италия командасы болып отыр.

Айта кеткен жөн, итальяндықтар турнирдің екі дүркін - 2003 және 2014 жылғы жеңімпазы.

Қазақстан мен Италия арасындағы матч 9 ақпанда өтеді.