Қазақстан - Швеция матчына 15 мыңнан астам билет сатылды

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана Арена» стадионында футболдан 2014 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан - Швеция матчы өтеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстан - Швеция матчына 15 мыңнан астам билет сатылды

Стадион кемінде жартылай толмақ. Өйткені осы сағатта 15 000-нан астам билет сатылып үлгерді.

Ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады. Оны «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.