Қазақстан-Швейцария саяси консультацияларының кезекті раунды өтті - СІМ (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және Швейцария Сыртқы істер федералдық департаменті Еуропа және Орталық Азия елдері, Еуропа одағы және ЕҚЫҰ бөлімінің басшысы, елші Николас Брюльдің тең төрағалығымен Қазақстан-Швейцария саяси консультацияларының кезекті раунды өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Қазақстан-Швейцария саяси консультацияларының кезекті раунды өтті - СІМ  (ФОТО)

Консультациялар барысында тараптар екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ БҰҰ және ЕҚЫҰ аясындағы өзара әрекеттестікті, тараптардың ядролық қаруды таратпауға үлестерін талқылады. Бұдан бөлек, келіссөздер барысында терроризмге және радикализацияға қарсы күресті, адам құқықтарын қорғау саласындағы мәселелерді ілгерілетуді қоса алғандағы өзекті халықаралық проблематика мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар, Р. Василенко Швейцарияның Қазақстандағы елшісі Мауро Рейнаға екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін және дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан құрмет грамотасын табыс етті.

null null null