Қазақстан СІМ Иерусалимдегі лаңкестікті айыптады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 2017 жылғы 8 қаңтарда Иерусалимде орын алған лаңкестікті айыптады.
«Израиль әскери қызметшілерінің өліміне алып келген Иерусалимде 8 қаңтарда жасалған лаңестікті айыптаймыз. Лаңкестіктің кез келген түріне қарсы екенімізді мәлімдейміз және халықаралық күштерді осы қаскөйлік әрекетке қарсы тұруда бірігуге шақырамыз. Қаза тапқандардың отбасына көңіл айтамыз, жараланғандарға жылдам сауығып кетуін, ал билік мен Израиль халқына лаңкестікпен күресте күш-жігер, табандылық тілейміз», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.