Қазақстан Сингапурмен бірге 20 млн долларлық венчурлық қор құрады
«2019 жылы біз кем дегенде үш бизнес-инкубаторды қолдауды көздеген едік. Екі қор құру жоспарланған. Біріншісі Назарбаев Университетімен бірлесе құрылады. Сонымен қатар, сингапурлық компаниямен бірге жалпы қоры 20 млн АҚШ доллар болатын венчурлық қор құруды көздеп отырмыз. Осы жылдың үшінші тоқсанында тиісті жұмыс аяқталып қалуы керек», - дейді Айдар Әріпханов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында.
Оның айтуынша, «Даму» қорынан бөлек, әртүрлі бизнес-жоспарларды қолдау жұмысымен QazTech Ventures компаниясы да айналысады. Ол компания - Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттіктің негізінде құрылған.
«Бұл компания бизнес-инкубаторлаумен айналысады. Өз кезегінде бизнес-инкубатор барлық кезең бойынша, атап айтқанда, жобаның басынан бастап коммерциализациялауға дейінгі кезеңдерде жас кәсіпкерлерге көмектеседі. Біз QazTech Ventures компаниясының 2023 жылға дейінгі жаңа стратегиясын қабылдадық. Біздің бизнес-инкубаторлардың қазіргі таңдағы негізгі проблемасы - қор жинаудың жетіспеушілігінде. Бұл компания өз кезегінде қорлардың қорларына айналыуы тиіс. Ол компания өз ақшасын жеке инвесторларға құйып, жас стартаптарды қаржыландыруы керек», - дейді спикер.