Қазақстан Сочи Олимпиадасында кем дегенде екі медаль алуға бел буып отыр

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан 2014 жылы өтетін Сочи Олимпиадасында кем дегенде екі медаль алуға бел буып отыр. Бұл туралы бүгін Астанада Шаңғы жарысы бойынша ұлттық федерацияның вице-президенті Диас Қанышев мәлім етті.
None
None

Алайда, ол Олимпиадада біздің құраманың мүмкіндігі мен медальдың қай түрін алуға қауқарлық танытатынын алдын ала болжау қиын екенін сөз етті. Д. Қанышевтың айтуынша, барлық қашықтықта жарысқа түсу үшін команда жетерлік лицензияға ие болған.

«Бізде толық құрамдағы команда додаға шығады. Атап айтқанда, барлық қашықтықта бақ сынау үшін лицензиялар жеткілікті. Әрине, командадағы спортшылар санын бапкер анықтайтын болады, бірақ та кем дегенде 10 адам. Алексей Полторанин мен Николай Чеботько Олимпиада ойындарына қатысады»,-деді ол.

«Егер де барлық жоспарлар мен жағдайдар орындалып, жігіттердің ахуалы жақсы болып, олар тиісті дайындықтан өтсе, меніңше, бізде жеңіс жолында мүмкіндік бар. Олар осы додаға 5-6 жыл бойы келе жатыр. Осы орайда Николай Чеботьконың сөзімен айтатын болсақ, кем дегенде екі медаль алуға үміттіміз»,-деді федерацияның вице-президенті.

Естеріңізге сала кетейік, Италияда өткен әлем чемпионатында шаңғы жарысынан Қазақстан спортшылары Алексей Полторанин мен Николай Чебатько қола жүлдеге ие болды. Бүгін елорда әуежайында жанкүйерлер Н.Чеботьконы қарсы алды.

Соңғы жаңалықтар