12:48, 21 Шілде 2024 | GMT +5
Қазақстан спортшысы Иракта өткен үстел теннисі турнирінде алтын медаль жеңіп алды
АҚТАУ. KAZINFORM – Сүлейманияда (Ирак) үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі аяқталды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

19 жасқа дейінгі категорияда қазақстандық Сарвиноз Миркадирова алтын жүлдені жеңіп алды.
Ол Фатима Мусаны (Ирак) 3:0, Йекта Адибианиді (Иран) 3:2, Заара Тахерді (Ирак) 3:0, Атена Захирифарды (Иран) 3:0, жартылай финалда Элина Рахимиді (Иран) 3:1 есебімен ұтты.
Финалдық кездесуде Миркадирова Таниша Котечадан (Үндістан) 3:1 есебімен басым түсті.