Қазақстан спортшылары Норвегияда өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиадаға 20 жолдама ұтып алды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Норвегияда өтетін ІІ қысқы Олимпиада ойындарына аттанды. Бүгін бүкіл ел Астанадан жас спортшыларды Норвегияға шығарып салды.
Салтанатты жиынға қатысқан Спорт жəне мəдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жастарға сəт-сапар тіледі. «Қазақстанның болашағы сендер болған соң, сендердің əр жеңістерің бүкіл елдің жетістігі. Қысқы спорт түрі бойынша Қазақстанның көрсеткіші жыл сайын жақсарып келеді. Сендер бүгін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына қатысып жүрсіңдер, ертең Олимпиада ойындарына барасыңдар»,-деді спорт министрі.