Қазақстан спортшылары Рио Олимпиадасының 110 жолдамасын ұтып алуды жоспарлауда

"Бiздiң алдымызға 27 спорт түрi бойынша 110 Олимпиада жолдамасын ұтып алу мақсаты қойылып отыр. Лондон Олимпиадасында 105 жолдама болған едi. Әрине, бiзге қарқынды даму керек, бұл ұлттық құрамаларға қойылған меже. Биыл бiзге әлемдiк деңгейдегi лицензиялық жарыстарда еркiн күрес, бокс, жеңiл атлетика, жүзу, қайықпен есу, каноэмен жүзу сынды спорт түрлерiнен кемiнде 30 жолдама алу керек. Келесi жылы әлемнiң континентальдi лицензиялық жарыстарына және 52 Әлем кубогi кезеңдерiнде спортшылар бақтарын сынайды. Ол жерде спортшыларымыз жоспарланған жолдамалардың қалған бөлiгiн алулары тиiс. Соңғы лицензияларды 2016 жылдың шiлде айына дейiн ала аламыз", - дедi Е.Қанағатов.
Қазiргi уақытта 4 спорт түрі бойынша 7 жолдама бар. Aуыр атлетика құрамасы 10 жолдаманы алуға бiр қадам жақын. Ендi оны әлем чемпионатында дәлелдеулерi тиiс. Жалпы, Рио Олимпиадасына 120-дан астам елдiң спортшылары келедi деп күтiлуде. Онда 42 спорт түрi бойынша 306 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
"Бiз ауыр атлетика, бокстан ерлер және қыздар құрамасынан үмiт күтiп отырмыз. Күрес түрлерiнен, дзюдодан да медаль алу жоспарлары жоқ емес. Жеңiл атлетикада жақында жолдама жеңiп алған Ольга Рыпаков бар. Бiздiң елде жүзуден жоғары деңгейдегi спортшылардың болмағаны көп болды. Жақында Баландин деген спортшымыз шықты. Бүгiнде ол әлемдiк рейтингте үшiншi орында тұр. Ол мiндеттi түрде Олимпиада медалiн алады деп отырғанымыз жоқ, дегенмен оның шамасы жетедi", - деп атап өттi ол.