Қазақстан спортшысы аралас жекпе-жектен халықаралық турнирге қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ингушетияда шілденің 16 күні аралас жекпе-жектен Challenge-69 халықаралық турнирі өтеді.
None
None

Онда ел намысын аралас стильдегі спорт шеберлерінің бірі Сергей Морозов қорғайды. Бұл туралы ММА федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Сергей Морозов  - Азия чемпионатының күміс жүлдегері, аралас жекпе-жектен әлем біріншілігінің вице-чемпионы, ММА бойынша спорт шебері. Ол 61,3 келіге дейін салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүр. Сергей Морозов бұл күні бразилиялық Рафаэль Диаспен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар